×

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі әкімшілік  лауазымының бос орнына қызметке орналасуға ашық конкурс жариялайды

 

«Батыс  Қазақстан облысы  Бөрлі ауданының  білім беру бөлімінің «Александров мектеп-балабақша кешені»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі аты аталған қызметкерлерге конкурс жариялайды: Орналасқан орыны БҚО Бөрлі ауданы Александров мектеп-балабақша кешені, Александров ауылы, Абай көшесі, 29  ғимараты

 

Кәсіптік лауазым

Талап ететін білім деңгейі

Жұмыс режимі

Жалақы мөлшері(айына) теңгемен

1

Химия пәнімұғалімі

жоғары

жұмыс кестесіне сәйкес

20000-25000

2

География пәнімұғалімі

жоғары, арнаулы орта

жұмыс кестесіне сәйкес

35 000-40000

3

Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі

Жоғары, арнаулы орта

жұмыс кестесіне сәйкес

15000-20000

4

Музыка пәні мұғалімі

жоғары, арнаулы орта

жұмыс кестесіне сәйкес

15000-20000

5

Биология пәнінің мұғалімі

жоғары, арнаулы орта

жұмыс кестесіне сәйкес

20000-30000

6

Физика пәнінің мұғалімі

жоғары, арнаулы орта

жұмыс кестесіне сәйкес

20000-30000

7

Технология пәнінің мұғалімі

жоғары, арнаулы орта

жұмыс кестесіне сәйкес

20000-30000

8

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

жоғары, арнаулы орта

жұмыс кестесіне сәйкес

75000-80000

Лауазымдық міндеттері: «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27желтоқсандағы  N 512 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігінде 2014жылы 29 қаңтарда № 9106 тіркелген . Нормативтік құжатқа сәйкес жүктеледі.

Конкурсқа  қатысуға ниет білдірген азаматтар мына құжаттарды тапсырулары тиіс: 1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;  2) жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі; 3) білім туралы  құжат көшірмесі; 4) еңбек кітапшасының көшірмесі;5) бұрынғы жұмыс орыны кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парағы;6) бар жазалар мен көтермелерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;7) біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат (ф-086);9)соты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет;10)Аталған құжаттардың бірінің  болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін. 11)Сондай - ақ  әңгімелесу барысында үміткердің мемлекеттік тілді білу деңгейі анықталады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар басылымында хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға жіберілуі қажет: 090300,Ақсай қаласы, Шакен Қайыр көшесі №4 үй, кадрлар бөліміне немесе Александров МБК-не (анықтама телефондары: 20308; 24315)

 

2017-2018 оқу жылы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Александров мектеп-балабақша кешені.

Мекен жайы: Бөрлі ауданы Александров селосы Абай көшесі №24 үй.

телефоны: 24-3-83 келесі ваканттық бос орындарға конкурс жариялайды.

 

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары 1 бірлік,жүктемесі толық

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 1 бірлік,жүктемесі толық

Әлуметтік педагок 1 бірлік жүктемесі толық

Психолог 1 бірлік жүктемесі 0.5 сағат

Физика пәнінің мұғалімі 1 бірлік жүктемесі 6 сағат(қазақ сыныптарына)

Информатика пәнінің мұғалімі 1 бірлік жүктемесі 3 сағат (қазақ сыныптарына)

География пәнінің мұғалімі 1 бірлік (қазақ және орыс сыныптарына) жүктемесі 10 сағат

Мектеп жанындағы балабақша тәрбиешісі 2 бірлік жүктемелері толық

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының әдіскері1 бірлік жүктемесі толық

Музыкант 1 бірлік

Хатшы 1бірлік жүктемесі толық

Іс-қағаздар жүргіжуші 1 бірлік жүктемесі толық

 

Біліктілік талаптары:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 бұйрығымен бекітілгенПедагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары мен сәйкес келуі,жоғарыда аталған мамандықтарға сәйкес жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітірген құжаттарының болуы, Мемлекеттік тілді және орыс тілін еркін меңгерген, компьютерде жоғары деңгейде жұмыс жасай алуы.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының әдіскері

      Лауазымдық міндеттері: Білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Оқу, оқу-тақырыптық жоспарларын және пәндер мен оқу курстары бойынша бағдарламаларды құрастырады. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады, білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. Тәрбие мен оқытудың мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиешісі

      Лауазымдық міндеттері. Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді.

Директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

      (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

      Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ, қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.

       Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрастырады.

Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

      (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім)

      Лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды. Тәрбие жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады. Аға жетекшілер, ұзартылған күн тобының тәрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері, педагог психологтар, әлеуметтік педагогтер және дене тәрбиесі-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады.

      Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер жүргізетін тәрбие процесінің мазмұны мен мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.

педагог-психологы

       Лауазымдық міндеттері. Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау конвенциясына сәйкес тұлғаның құқықтарын қорғауына көмектеседі. Балалардың тұлғасын дамуына кедергі келтіретін факторларын айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностикасын жүргізеді.

       Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларының бағдары мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды. Белгіленген нысанда құжаттарды жүргізеді және оны мақсаты бойынша қолданады.

Әлеуметтік педагог

       Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.

      Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді.

 

 

Барлық түйіндемелерді көрсетілген электронды почтаға жіберулеріңіз сұралады:

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Александров мектеп-балабақша кешені. Мекен жайы: Бөрлі ауданы Александров селосы Абай көшесі №24 үй.

телефоны: 24-3-83 келесі ваканттық бос орындарға конкурс жариялайды.

Психолог 1 бірлік жүктемесі 0.5 сағат

Тарих пәнінің мұғалімі 1 бірлік (қазақ сыныптарына) жүктемесі 6 сағат

Математика пәнінің мұғалімі 1 бірлік (қазақ сыныптарына) жүктемесі26 сағат

Физика пәнінің мұғалімі 1 бірлік жүктемесі 6 сағат

География пәнінің мұғалімі 1 бірлік (қазақ және орыс сыныптарына) жүктемесі 10 сағат

Мектеп жанындағы балабақша тәрбиешісі 2 бірлік жүктемелері толық

Музыкант 1 бірлік

Балабақша бойынша әдіскер 1 бірлік жүктемесі 0.5 сағат

Секретар 1бірлік жүктемесі толық

Іс-қағаздар жүргіжуші 1 бірлік жүктемесі толық

 

Біліктілік талаптары:

 

Жоғарыда аталған мамандықтарға сәйкес жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бітірген құжаттарының болуы, Мемлекеттік тілді және орыс тілін еркін меңгерген, компьютерде жұмыс жасай алуы.

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

Бастауыш пәнінің мұғалімі декреттік демалыстың орнына жүктемесі толық

 

 

Лауазымдық міндеттері. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады.
      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
      Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды. 
      Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін, пән кабинеттері мен қосалқы орынжайларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын, оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін, педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі даму бағыттары мен перспективасын айқындайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, психология, педагогика ғылымы мен практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж