АҚСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ #6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ОБЛЫСТЫҚ "ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҮЗДІК ҰЙЫМ" БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
Жыл сайын 25 критерий бойынша жалпы білім беретін мектептердің қызметін бағалау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантына облыстық конкурс өткізіледі. Биылғы жылы сол байқауға қатысқан мектептердің ішінде ауданымыздың Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі жеңімпаз атанды. Бұл туралы бүгін «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» облыстық педагогтардың тамыз кеңесінде айтылды. Жиын барысында №6 мектеп-лицейінің директоры Султанова Кунслу Макуновнаға облыс әкімдігінің 34 миллион теңгелік сертификаты табысталды.