«ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Ақсай қаласының №3 ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Шиганакова Надежда Александровна «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Бұл туралы бүгін «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» облыстық педагогтардың тамыз кеңесінде айтылды. Жиын барысында Шиганакова Надежда Александровнаға облыс әкімі Ғали Есқалиев аталған медальді табыс етті. Шиганакова Н.А. көп жылдар бойы ауданымыздағы үлкен мектептердің бірі Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-де басшылық етті. Қазіргі кезеңде ардагер ұстаздарымыздың бірі. 1997 жылы "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" атағына ие болды, ал 2003 жылы ҚР БжҒ Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған болатын.