АУДАНДА ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Бүгін ауданымызда білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Еліміздегі карантиндік шаралар толық аяқталмауына байланысты кеңес қашықтық форматта ұйымдастырылды. Кеңес жұмысына аудан әкімі Миржан Сатқанов, ардагер ұстаздар, ауданымызға биыл келген 35 жас маман, 45 білім мекемесінің педагогтары қатысты.
Биылғы тамыз кеңесінің тақырыбы «БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» деп айқындалды.
Кеңес жұмысын білім беру бөлімінің басшысы А. Тржанова ашты.
Тамыз айының 10-23 аралығында тамыз кеңесі аясында ауданымызда 10 секция жұмыстары өтті. Секция жұмыстарында биылғы жылдың оқу жылының ерекшеліктері талқыланды.