×

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

117925892-965952650585148-7030472609108524996-n
БӨРЛІ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНЕ АРНАЛҒАН БАЯНДАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты 2019 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында "Білім беру сапасын жақсарту": "Біз оқушылардың қабілетін айқындап,  кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет,  бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс" деп айқындап берген болатын.  Осы орайда Бөрлі ауданының білім беру мекемелері жүйелі жұмыс атқаруда. Елімізде орын алған пандемияға байланысты Бөрлі ауданының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі онлайн форматта өткізілуде.  
118255479-965847240595689-8328310536454275645-n
20 тамыз күні «Педагогикалық саладағы цифрландыру: басқару тәжірибелері және жаңа ұстанымдар» аудандық педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қашықтықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық парадигмасы» секциясы өтті. Секция отырысына әдістемелік кабинет меңгерушісі Л.Жолбатырова қатысып, мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жаңа 2020-2021 оқу жылының ерекшеліктерімен таныстырып өтті. 
117750250-960974344416312-389481307420264601-n
10 тамыз күні басталған аудан ұстаздары үшін «Қашықтықтан оқытуда тьюторлық қолдау» курстары аяқталды. Курсқа ауданымыздың 25 мектебінен 980 педагог қатысып тәжірибе алмасты.  Бұл курстарда Bilimland электронды порталының ресурстарын сабақта тиімді пайдалану, мұғалімдерге өз бетімен бейнесабақтарды жасауды, «Күнделік кz.» электронды порталының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану, «Стиминг» режимінде жұмыс жасау және оқушылардың өзіндік жұмысын қашықтан ұйымдастыру тақырыптары бойынша ауданның тәжірибелі математика, информатика пәні мұғалімдері: Мухамбеткалиева Майра Нурмагамбетовна, Ольховик Ирина Николаевна, Джамбулатова Жанар Сагингалиевна, Мухамбетова Айгуль Амангельдиевна, Муханова Айгуль Умбетгалиевна өз тәжірибелерімен бөлісіп, көптеген тың материалдарды беріп, ұстаздарға электронды платформалардың ресурстарын іс-жүзінде таныстырып, практикада тәжірибе алуға мол мүмкіндіктер беріп, оны қолдану аясын кеңітті. Атап айтар болсақ, қажетті материалдары бар папкаларды сақтау, оны кейін алып қолдану, секциялық залдарда бөлініп, топтық жұмыстарды ұйымдастыру, Google-дың сервистарын толығымен пайдаланып, оқушылармен кері байланыс жүргізу бойынша құнды мәліметтер берілді.
117294038-954444108402669-3601234664643102754-n
2020 жылдың 06 тамыз күні Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында бөлім басшысы А.Тржанованың төрағалығымен және БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысының орынбасары Л.К.Батыргалиеваның қатысуымен кеңес өтті. Кеңеске білім беру бөлімінің әдіскерлері, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер, әлеуметтік педагог, педагог-психологтер қатысты.

«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» ММ

     090300 Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі, 80, «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы 240-орындық бөбекжайды сенімгерлік басқаруға беру» туралы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікжобасын дайындаудың басталуы туралы жариялайды. Жобаның тұжырымдамасын талқылау үшін әлеуетті жеке тұлғаларды шақырады.

МЖӘ нысаны: бөбекжай ғимараты төмендегі мекенжайда орналасқан : БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Ықсанов көшесі, 4А, жалпы алаңы: 5788,8 м2. 2018 жылы пайдалануға берілді. Типтік ғимарат, кірпіштен құрылған, екі этажды, жобалық қуаттылығы:240 орын.

Бөбекжайда дене шыңықтыру-музыкалық зал,  медициналық кабинет, түзету,  үйірме жұмысы кабинеттері, психолог кабинеты, ас блогы, кір жуатын бөлме бар.

    Жобаның шарттары: Қажетті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, нысанның тағайындалған профилін өзгеріссіз пайдалану, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша МЖМББС, санитарлық және өртке қарсы ереже талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

Жобаның жүзеге асыру мерзімі – 3 (үш) жылдан кем емес.

     Шығындардың өтеу көздері: мемлекеттік – жеке меншік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу ҚР «Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 9 бап, 2 тармақ, 4 – тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

Нысан инженерлік және көлік байланысмен қамтамасыз етілген:

  • Ыссы және салқын сумен жабдықталған;
  • Кәріз жүйесі,
  • Автономдық жылыту,
  • Сыртқы бейнебақылау орнатылған.

       Жеке тұлғаны анықтау ҚР «Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 43 бабы негізінде (алдын-ала) оңайлатылған тәртібі бойынша конкурс өткізу тәсілімен жүзеге асырылады.

Жоба туралы толығырақ ақпаратты  «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» ММ алуға болады.  Жоба бойынша ұсыныстар 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Байланыс: Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімі, телефон 8 (71133) 21461, сенім телефоны 22332
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж