×

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Жаңа жыл - ең ғажайып мерекелердің бірі. Армандар орындалып, ақ жарма тілектер айтылатын бұл мерекені әсіресе балалар асыға күтетіні сөзсіз. Сиқыры мен тосын сыйы көп мереке қарсаңында жалпы білім беретін №3 орта мектебінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дәстүрлі аудандық шырша тойы өтті. 

Аталмыш шараға әртүрлі жстағы 1ОО бала шақырылып, қонақ болды. Ертегілер еліне саяхат жасаған балалар қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би билеп тамаша көңіл көтерді. «Простоквашиндағы жаңа жыл» деп аталған шарада ертегі кейпкерлері қалдырып, Матроскин мысығы, шарик, Федор ағай, Печкин, аққала, қыс ханшайымы тағы да басқа кейіпкерлер Жаңа жыл мерекесіне келіп, балғындарды таң қалдырды. Әсерлі мереке мен әдемі шараға ұласқан Жаңа жылдық кешке аудандық білім беру бөлімінің басшысы Орынбасар Төлегенов құттықтау лебізін білдірді. «Баршаңызды алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл тек жақсылық әкелсін, дендеріңіз сау болсын. Келер жылдан әрқайсысыларыңыздың отбасыларыңызға сарқылмас бақыт пен табыс тілеймін» - деді Орынбасар Төлегенұлы. Мерекеге № 3 ЖББОМ директоры Надежда Шиганакова, «Жас дарын» қоғамдық қорының төрайымы Татьяна Ищенколар қатысып, балаларды құттықтады. Қызық пен шаттыққа толы болған жарқын мереке әр баланың жүзіне қуаныш пен күлкі сыйлады.

 

52e258e1e502919f458ae5ae9fcc3bfa.jpgcab332ac4a14ff58673ea96a93560300.jpg b8fb4daec7fe2cc7b17a7f74b83b4df0.jpg e7d303795155175a4b8ddc621c6dc4b0.jpg 517687e19cbdc36fd18dfffc93703bbc.jpg

Айым НҰРҒАЛИЕВА

 
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж